Курсант қыздар Отан қорғаушылар күніне орай флешмоб ұйымдастырды

Жүзден аса студент шаффл дэнс стиліндегі Tez Сadey «Seve» әніне танымал биді орындады. Осындай заманауи әдіспен Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет ететін барлық әскери қызметші қыз-келіншектердің атынан жоғары оқу орындардың әскери кафедраларында оқитын қыздар еліміздегі барлық ер-азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Естеріңізге сала кетсек, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері осы әуенге билеп, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен барлық аналарды құттықтаған болатын. Жалынды құттықтау тек Қазақстанның интернет-пайдаланушыларының ғана үлкен қызығушылығын оятып қана қоймай, шетелдіктерді де тамсандырды. Қазақстан мен шетелдің барлық танымал желілерінен бұл құттықтауды көргендердің саны миллионнан асты. Сонымен қатар көргендердің қатары күннен-күнге артып келеді.


Бұл идеядан шабыттанған қыздар, осыған ұқсас биді жауап ретінде Отан қорғаушы күнін айғақтайтын 7 санының үлгісін келтіре отырып, атышулы флэш-мобты орындады.