"Курсын сатып алсаң, конкурсына қатыссаң байып кетеді екенсің": Мөлдір Әуелбекова коуч-психологтарды қатаң сынға алды

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі?😃
Инста ашсаң бәрі ақыл айтып жатыр…
Соның ақылын тыңдасаң, курсын сатып алсаң, конкурсына қатыссаң байып кетеді екенсің, мыс…

Адам екі қол екі аяқпен еңбектенсе ғана бай болады!
артыңды көтеріп жұмыс істе, кәсіп қыл!
Қалғаны бәрі алдамшы, тұрақсыз, уақытша әңгіме!

Шаршамадыңдар ма?!?
Кішкене бір кідірсеңдершиш қасқа", - деп жазды әнші.