Сағат 11.09-дағы жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіздің мұнай қоспасына наурыздық фьючерс құны барреліне 28,98 долларға дейін белгіленіп, баға 0,8 пайызға өсті. WTI маркалы мұнайға наурыздың фьючерс бағасы - 0,07 пайызға - барреліне 30,41 долларға жетті.
Қара алтын құнына инвесторлардың мұнай нарығына иран мұнайының қайтып оралуына байланысты нарықтағы ұсыныстың шамадан тыс көп болатыны туралы қауіптенуі ықпал еткен, бұл әсер әлі де жалғасуда.