Күшті дауыл бірқатар әлеуметтік нысандардың шатырын жұлып әкеткен - ОҚО

ТЖ министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен жел Көксәйек ауылындағы мәдениет үйінің шатырын жұлып әкеткен. Жалпы, ғимарат шатырының 90 шаршы метрі зақымданыпты.

Сонымен қатар Қазақстан ауылындағы орта мектеп шатырының 80 шаршы метрі қираған.


Адам шығыны жоқ. Апат болған жерлерде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.