Күштік операция барысында барлығы 1549 украин әскери құрбан болды - Порошенко

«Бүгінгі таңда 1549 әскери қызметші қайтыс болды", - деп П.Порошенко кеше кешкісін Бірінші ұлттық телеарнаға мәлімдеді.
Украин мемлекетінің басшысы нақтылағандай, қайтыс болғандардың 1232-і Украина қарулы күштерінің, 132 –Ұлттық гвардияның әскерлері, 99 – ІІМ қызметкерлері, 63 – Мемлекеттік шекара қызметінің, жетеуі – Украина қауіпсіздік қызметінің, 16 – Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері.