Күштік операциясы барысында қанша украиналық әскери қызметші қаза болды?

125 украиналық әскери қызметші қаза болды, деп хабарлады Украина үкіметінің бірінші вице-премьері Виталий Ярема.

Бұл туралы ол дүйсенбіде кешке ICTV телеканалы арқылы берілген "Свобоа слова" бағдарламасының эфирі арқылы айтты.

В.Яреманың айтуынша, олардың басым бөлігі сарбаздардың ұшақтар мен тікұшақтарды атып түсіруі нәтижесінде қаза болған.