Құтқарушылар туристерге үндеу жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті.

Құтқарушылар туристерді төмендегі ережелерді сақтауға кеңес берді:

маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;

112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;

ауа райы болжамын тексеріңіз – тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;

жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;

дене дайындығыңызды пысықтаңыз – әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;

егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды 2–3 күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс.