«Күткен нәрсе келді»: Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жүкті екенін жария етті


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақстандық қалыңдық қызу талқыға түсті. Ұзату тойы кезіндегі суреттер Instagram-дағы топтарға тарап кеткен болатын.

Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының есімі - Заида. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тумасы. "Теңізшевройл" компаниясында үш тілді еркін меңгерген аудармашы. Ал күйеуі Джесси есімді ағылшын тілі мұғалімі. Нигерия азаматы.
Олардың үйлену той былтыр қазан айында өткен болатын.