Кувейт әмірі БҰҰ-ның марапатына ие болды

Сириялық босқындарға бірнеше мәрте ірі көлемде көмек көрсеткен Кувейт королінің бұл атақты иеленуі де заңды.

Соңғы екі жылдың өзінде корольдік аумағында сириялықтарға қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған екі ірі конференция ұйымдастырылып, 3,5 млрд доллар қаражат жиналған болатын.

Кувейт әмірінің халықаралық марапатқа ие болып, мерейі өскен қуанышымен Америка Құрама Штаттары да ортақтасып, тілектестік білдірді.

«Сирияда болған қақтығыстардан жапа шеккен босқындарға ірі көлемде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, көмек қолын созған Кувейт халқы мен әміріне бұл марапат әбден лайық», - деп мәлімдеді АҚШ-ның Мемлекеттік істері жөніндегі өкілі Мэри Харф.