Оның нақтылауынша, сапар ағымдағы жылдың желтоқсан айының 10 мен 12 аралығына межеленген. "Сапар барысында Кувейт премьер-министрі ел басшылығымен кездеседі. Бұл кездесулердің барысында екі жақты қарым-қатынасқа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша, соның ішінде екі жақ бірдей мүдделілік танытып отырған өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылады", - деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті