Кузбасс Ленин атындағы шахтада қаза тапқан үш кеншісімен қоштасуда

Өңір басшыларының мәліметтері бойынша, бүгін Междуреченск аумағында мемлекеттік тулар түсіріліп, барлық мәдени көңіл- көтеру шаралары тоқтатылды. Қала әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілеріне барлық көңіл көтеру бағдарламаларын тоқтатуды сұрады.

"Бүгін Междуреченскіде үш кеншіні жерлеу рәсімі өткізіледі. Сонымен қатар, қаза болған төртінші кеншінің денесін бүгін таңертең оның туған туыстары таныды.

Кемерово облысының гебернаторы Аман Түлеев қаза болған кеншілердің отбасына қайғырып көңіл айтты", - деді әкімшіліктегілер.

Ленин атындағы шахтадағы апат 30 мамырда болды. Механикаландырылған бекіткішті монтаждау кезінде көмір шығаратын учаскелерінің бірінің шатыры опырылды. Тосын оқиға салдарынан төрт кенші қаза болды.

"Оңтүстік Кузбасс" ААҚ шахтасының иелері кеншілерді жерлеуге байланысты барлық шығындарды өздеріне жүктеді. Қаза болғандардың от басыларына компанияның ұжымдық келісім шарты және заң бойынша белгіленген мөлшерде өтемақы төленеді. Сондай-ақ, олар қосымша 1 миллион рубль алатын болады.