Кузбасста жасөспірімдерге 22.00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салатын коменданттық сағат енгізілді

Мысалы, БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, тыйым 20 мамырдан бастап күшіне енген.

Егер осы уақытта баланы көшеде, дискотекаларда немесе түнгі ойын-сауық орталықтарында ата-анасынсыз байқайтын болса, оларға айыппұл салынады. Айыппұл көлемі 600 - 3 000 рубль аралығында болады.

Сонымен қатар, түнгі клубтардың ойын залдарының аумағында коменданттық сағат кезінде жасөспірімдер байқалатын болса, 25 мың рубль көлеміндегі айыппұл төлеуі тиіс.

"Тыйым "Кемерово облысының әкімшілік құқық бұзушылықтар" туралы заңын қабылдаумен күшіне енеді. Балалардың түнгі уақытта серуен құруын шектеу идеясын Кузбасс губернаторы Аман Төлеев ұсынды. Заңның орындалу жауапкершілігі бөлімшелік милиционерлер мен орта мектептердің директорларына пртылады. Қазір бірлескен рейдтердің кестесі жасалу үстінде.

Кемерово облысының әкімшілігі жасөспірім арасында жасалатын қылмыстармен байланысты жаңа шара өңірдегі қылмыс жағдайына оң әсер етуі керектігінен үміттенеді.