Күзде студенттердің шәкіртақысы тағы көбейеді

Бұл туралы вице-премьер Алтай Көлгінов елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста айтты, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

Оның айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шәкіртақысы көтеріледі.

«Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы университеттерде 20 пайызға, колледжерде 50 пайызға артады», – деді Көлгінов.