Б. Баекеновтың айтуынша, "2000 жылдың 19-қазанында Қазақстан Республикасының "Күзет қызметі туралы" заңы қабылданған. Аталмыш заң бизнестің осы түрінің мәдениетті түрде дамуына бастама болды".
Сонымен қатар, ол елде осы жылдар ішінде айтарлықтай өзгерістер болғандығын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда 80 пайыздан жоғары меншік мемлекеттік емес секторға тиесілі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жеке меншік күзет құрылымдарының мойнында. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында күзет қызметінің 2930 суъектісі жұмыс істейді, күзетшілердің жалпы саны 71 мың адамды құрайды.
Оның айтуынша, ел экономикасының дамуы, бизнестің кеңінен дамуына негіз болған жаңаша ахуал азаматтардың қауіпсіздігін және олардың меншіктерін қорғауды қамтамасыз етумен айналысатын құрылымдардың алдында жаңаша міндеттер қояды. Бұл өз кезегінде күзет қызметінің заңнамасын одан әрі дамыту қажеттігін көрсетіп отыр.
Б. Баекенов "Біз күзет мекемелеріне қойылатын квалификациялық талаптарды өзгерту туралы айтудамыз және де Ішкі істер министрлігі бұл тұрғыдан қолдау көрсетіп отыр. Біздің пайымдауымызша, басшылар үшін арнайы әзірленген дайындық бағдарламасы қажет", деп атап өтті. Сондай-ақ Б. Баекеновтың айтуынша, қауымдастық қызметкерлерге қойылатын жас талабы 21-ден 18 - 19 жасқа дейін төмендетілуді қалайды. Оның айтуынша, жеке меншік күзет құрылымдары қызметкерлерінің құқықтарын кеңейту қажет. Бұл көптеген жағдайда қылмыстарды, соның ішінде мұнайгаз саласындағы ұрлық қылмыстарын дәлелдеудегі проблемаларды азайтады, деп санайды қауымдастық президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті