Күзгі әскер қатарына шақыру науқанында Алматы облысынан 1000 бозбала ҚР қарулы күштері қатарына алынады

Бүгін, 27-қазанда облыста 100 адам әскери борышын өтеуге шақырылды. Т.Мәукебаевтың айтуынша, жаңадан әскерге шақырылған сарбаздар алғашқы 5 айда "Отар" бөлімшесінде әскери мамандықтарға машықтанады. Бұдан кейін олар еліміздің басқа аймақтарындағы әскери бөлімшелерге жолдама алады.

Ал әскери комиссиялар құрамындағы дәрігерлердің мәліметіне жүгінсек, шақырылушылардың небәрі 60 проценті ғана әскери қызметке лайық. Жастар арасында, дәрігерлердің айтуынша, аллергия және салмақ жеткіліксіздігі секілді ақаулар жиі кездесуде. Ал бұрындары жастар арасында қазтабандық және арқа омыртқасының қисаюы тәрізді аурулар кеңінен таралған болатын.