Күзгі мерзім бойынша әскерге шақыру науқаны басталды


Қазір қорғаныс істері басқармаларында қызу қарбалас. Үміткерлер көп болғандықтан іріктеу қатал түрде жүргізілуде. Медициналық комиссиядағылар жігіттердің арасында майтабан, салмағы аз, омыртқасының қисық бітуі секілді кемістіктердің жиі кездесетінін айтады. Сол себепті әскер қатарына ілінбей жатқандар көп. Бірақ денсаулықтарынан кінәрат табылған жандардың жарты жылдан соң қайтадан бақ сынап көруіне болады. Басты талап – болашақ сарбаздың жасы 18 бен 27 аралығында, бойы 1 метр 65 сантиметрден биік, әрі психикасында ауытқушылық болмауы тиіс. Осы науқан барысында әскерге шақырылатын 12 мыңға жуық адамның басым бөлігі Қорғаныс министрлігіне, қалғаны Ішкі Әскерге, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және басқа да бөлімдеріне жіберіледі.