Күзгі түсім жинау науқаны кезінде еліміздің дихандарына 370 мың тонна арзандатылған дизельдік отын бөлінеді



Онда атап көрсетілгеніндей, күзгі түсім жинау науқаны барысында министрлік 3 млн. 310 мың тонна мұнай өңдеп, 718 мың тонна жанармай мен 1 млн. 49 мың тонна дизельдік отын өндіруді көздеуде.

Ал көктемгі тұқым себеу науқаны барысында ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне бір тоннасы 400 долларға 330 мың тонна дизельдік отын бөлінген. Ал нарықтағы баға бір тоннасына 480 долларды құрайды, делінген баспасөз баянында.