"Жексұрын сегіздік" ("The Hateful Eight") деп аталатын фильм вестерн стилінде болмақ, деп жазады kinostan.kz.
Картина атауы Джон Стерджестің 1960 жыл түсірілген "Керемет жетілік" ("The Magnificent Seven") фильміне үндес таңдалды деген болжам бар. Тарантино жақында жазылып біткен сценарийді басты рөлдерге үміткерлер - Кристоф Вальц пен Брюс Дернге оқытып көрмек. Түсірілім жұмыстары жазда басталмақ.
"Жексұрын сегіздік" режиссер жасайтын трилогияның соңғы бөлімі болады. Осыған дейін режиссер "Шатақ басбұзарлар" ("Inglourious Basterds") және "Азат етілген Джанго" ("Django Unchained") фильмдерін жарыққа шығарды.