КВИ тест бойынша Қазақстан берген анықтама шетелде жарамсыз

Ия, өкінішке орай, бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында анықтаманы тану туралы келісім жоқ. Бірақ негізгі мемлекеттік санитарлық дәрігерлер кеңесі аясында бұл мәселе көтеріліп, талқылануда, - деді Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте.

Ол "Ресейде Қазақстанның КВИ бойынша тест нәтижесі бар анықтама қағаз жарамды ма" деген сұраққа жауап берді: "Әзірге, жоқ, бірақ бұл мәселе талқылануда".