Күдіктінің қорғаушысы Шерзат Полаттың анасын сотқа қайта шақыруды сұрады

Бүгінгі сотта күдіктінің қорғаушысы Шерзат Полаттың анасы Гүбара Бишембиеваны сотқа қайта шақыруды сұрады , -деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бишембиеваның сот отырысында берген жауабы мен беттестіруде берген жауабы бір-біріне сәйкес келмейді. Сол себепті сот отырысына қайта шақырып, жауап алуды сұраймыз", - деді қорғаушы Баймұханова.

Тараптар жәбірленушіні қайта жауап алуға қарсы емес

Сот отырысында тараптар марқұм Шеразт Полаттың анасын, жәбірленушіні қайта жауап алуға шақыруға қарсылық білдірмеді. Бұл — қылмыстық істі тереңірек зерттеу қажеттігін көрсетеді.

Жәбірленушілерді сот залына жеткізуді ұйымдастыруға мемлекеттік айыптаушылар жауапты болады.