"Қыдырып, жүріп келсін": Танымал психолог Мақпал Қаратай бес жыл бұрын ажырасқан күйеуін әлі де күтетінін айтты

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Мақпал Қаратай бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді.

"Қайтып оралады деп ойладым, хат жаздым оған. Бес жыл күтемін деп, биыл міне 5 жыл болды. 5 жыл қыдырып кел, жүріп кел, сен жастай үйлендің деп. Ол менен үш жас кіші болды ғой, желігің басылмады деп ойладым.

Сондықтан жүріп кел, үйленбе бірақ дедім. Неге үйлендің деп жаздым. Сүріп кел өміріңді, мен сенің отбасың болып, 5 жыл күтімен деп жазып жіберген хатым бар болатын. Сол кезде ол мені 5 жыл күтпей-ақ қой деді.

Күттім, күткенім соншалық, ажырасқаннан кейін алғаш свиданиеге баратын болдым. Содан бір жігіт шақырды мені. Бара алмадым, бұрынғы күйеуім Ержанар келіп, сен маған көзіме шөп салып отырсың деп айтатындай жаман қиналдым.

Ана еркекке жаздым бір аптадан кездесейік деп. Ол не кедергі деп айтады? Ержанардың немере қарындасы болатын, сол кезде Стамбулда қолымда еді. Қарындасын алып бардым.

Бір кезде әлгі еркек қолымнан ұстай бастағанда, ол ойбайлап айғайлап: "Мақпал апай, мен сізді басқа еркектің қасында көре алмаймын" деп. Сондықтан күттім", - деді ол.