Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Сабырлығымның сырын сұрайтындар көп. Өмірдің уақытша екенін ұмытпау. Тіпті күйеуім де,ұлым да,қызым да,әркімнің жақсы көруі, құрметтеуі,қамқорлығы өз қалауымен болса болғаны жақсы,болмаса мәжбүрлемеу. Ешкім маған ештеңе міндетті емес екенін білу. Жамандар жаман болайын демейді жәй болмысы солай. Ешкімге пайдасы жоқ адамдар миына ,жүрегіне мейірімділік салмағаннан. Адамның миына идеяларды Алла тағалам салады. Бір адамның ұнамайтын қасиетін көргенде сол адамның бойынан жақсы қасиетті іздеп табу. Жақсы қасиеті жоқ,негативтерімен шаршататын адамнан (туысым болса да )алыс жүру Маған бұйырған несібе ешқайда кетпейді.
Мені алдаған,маған қиянант жасағысы келетін,мені сыртымнан жамандап сөгетін Адамдарды Аллаға тапсыру. Кез келген жетістікті,жақсылықты,несібені өзімнің өнерім,өзімнің еңбегім демей Алланың беріп жатқаны деп сезіну. Біреу баладан,біреу күйеуден,біреу бауырдан,біреу қайын жұрттан,біреу достарынан,біреу қызметінен бақыт көреді. Адам өмірінде барлығы идеально болмайтынын түсіну.
Шүкір ету. Мені сабырлы ететін осы ойларым шығар. Бірақ мамандардың айтуынша менің кей ұстанымдарым денсаулығыма зиян екен. Бәрін кешіріп,бәрін ақтап алып жүре бермей арасында ұсып,ренжіитін жағдайда ренжіп айтып тастауым керек екен.
Сіздер қалай ойлайсыздар? Ал сіздерді сабырға шақыратын ойлар қандай?
Әрбір адам-бұл өмірдің актеры.
Рольге енбейтін жаңа туған сәби ғана!", - деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары әншінің бұл ойларына дән риза болып, ізгі тілектерін жаудыруда.
"Қазақ әншілерінің ішінде ең данасы өзіңіз", "Болмысыңыз қандай әдемі", "Бойыңызға тек жақсы қасиеттер жинаған екенсіз, тіл-көзден аман болыңыз", "Өзіңіз де жан дүниеңіз де сондай тамаша", "Сіздің даналығыңызға тәнтімін", - деп жазды олар.