"Күйеуім, қайын атам, қайын әпкемнен таяқ жедім": Таразда бұрынғы күйеуінен кек алу үшін туған баласын ұрған ана өз шындығын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Келіншек ол туралы оқырмандарға айтып, видеоны желіге жүктеген.

"Бәрі, әкімшілік ана құқығынан айыру керек, т.т. неше түрлі пікір айтып жатыр. Қысым көрсетілді, мен балконның терезесінен секірмекші болдым. Яғни өз-өзіме қол жұмсамақшы болдым. Не үшін?

Себебі менеде бұл жағдай бірінші рет емес. Күйеуімнен, қайын атам, қайын әпкемнен таяқ жеген адаммын мен. Ұлыма екіқабат кезде арқанға асылғанмын", - деп жазды ол.