Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Үнсіздікті әлсіздік деп қабылдап жүрген «шәкіртім», ақылға тоқтайтын жасқа жетсең де, басқа сыймайтын әрекет жасап, артық сөз сөйлеуді қоймапсың. Құдайға шүкір айтып отырып, сол құдайдың «жақсылық жасаған адамға алғыс айт» деген аманатының орнына «бәлесінен аулақ» деуің дұрыс па? Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, «бәріне өз күшіммен жеттім» деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па? Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па? «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па? Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па? Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын”, - деді Бағым Мұхитденова.