Ол Tik Tok желісінде оқырманының “Күйеуім жүргіштігін қоймай жатыр, ата-анасы да қанша рет айтты”, деген сұрағына жауап берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Құрметті әйел кісілер, күйеуіңізді тәрбиелеймін, адам қыламын деген ойдан аулақ болыңыздар. Өйткені, ол тәрбие беретін жастан өтіп кетті. Сіз сол күшіңіз бен энергияңызды балаларыңызға салыңыз. Күйеуіңіздің басы аман болсын, балаларыңыздың әкесі болып жүре берсін. Бірақ оның жүргіштігін қозғай берсеңіз, отбасыңызда суықтық пайда болады. Сондықтан бұл тақырыпты ешқашан көтермеңіз. Жүргіштік біреумен зина жасау деген сөз. Ал, ол - шариғатта үлкен қылмыс. Шариғат бойынша зинаны көрген үш куәгер керек. Күйеуім жүргіш десеңіз, соны көрген үш куәгер апаруыңыз керек. Ондай қойып бере алмасаңыз ол тақырыпты көтермеңіз. Мен ол еркекті жақтап тұрған жоқпын. Зинаның соңы тозақпен аяқталады. Арада неке жоқ қызға жақындау - өте үлкен қылмыс. Әйел кісі отбасын сақтап қалу үшін алып-қашпа әңгімеге мән бермеуге шақырамын. Сіз өзіңіздің міндетіңізді атқарыңыз, күліп қарсы алыңыз, жұмысқа дұрыс шығарып салыңыз, балаларға әкесін керемет тұлға етіп көрсетіңіз. Шайтанға ермеңіз”, - дейді ол.
Имамның бұл пікірі желі қолданушыларының наразылығын тудыруда.
”Енді сені тыңдамаймын”, “Неге әйел ғана отбасын сақтап қалу керек”, “Әйел зина жасап жүрсе, еркек үндемей жүре ала ма”, “Имамдардың қадірлері кетіп бара жатыр”, “Әйелдерге ақыл айтуға қандай құқың бар”, - деп жазды олар.