Атышулы Маймушев деген кім? Ол қандай қылмыстарымен белгілі болды? Қылмыс әлемінің беделдісі, яғни "Вор в законе" өз өзіне қол жұмсауы мүмкін бе?
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап көрді.
Қылмыс әлемінің серкесі 1958 жылы Семей қаласында өмірге келген. Бала кезінен балалар үйінде тәрбиеленген. Жасөспірім кезінен ол қылмыстық жолға түскен. Алты рет сотталып бопсалау, ұрлық және өзге де заңсыз істермен айналысқан. Ол 1997 жылы Мәскеуде арнайы шарада "ұрылар отбасына" қабылданған және "Вор в законе" деп танылып, бүкіл Қазақстанға қарауыл ету міндеті жүктелген көрінеді. Сондай-ақ Сібір мен Қиыр Шығыстағы қылмыстық істермен де тығыз байланыста болған.
2004 жылы еліміздегі бірнеше колония тұтқындары өз тамырын кесіп, наразылық білдірген әрекеттер Маймыштың бұйрығы бойынша жасалды деген сөз тараған болатын. Маймыш абақтыдан соңғы рет шыққаннан кейін Түркияның Анталия қаласында тұрып, анда-санда ғана атамекеніне келіп тұрған. Дәл сол кезде Арман Жұмагелдиевпен байланыс орнатқан болуы мүмкін көрінеді.
Дикий Арман мен Леха Маймышты не байланыстырады?
2022 жылы әйгілі Дикий Арман "Леха Маймышты" сатып кетті деген ақпарат тараған еді. Өйткені, 2022 жылдың қаңтарында Леха Маймыш Мәскеудің бір барында ұсталды. Жеке тінту кезінде одан метадон табылған.
Дикий Арман мен Леха Маймыштың байланысын 2 жыл бұрын Мұхит Тастан Facebook желісіндегі парақшасында жазған еді.
"Оның ұсталу себебін Дикий Арманмен байланысы бар. Арманға қолдау көрсетіп жүргенімен және Қазақстандағы қырғынға қатысты болуы мүмкін деген себептермен ұстағанға ұқсайды. Егер Дикиге қатысты ұсталғаны рас болса, онда тергеудегі Арман қиындыққа шыдамай мынаны сатып жібергені болғаны ғой", - деп жазған еді Мұхит Тастан.
Леха Маймыш жазасын өтеген түрме туралы не белгілі?
Қылмыс әлемінің серкесі Кареля Республикасының Надвойцы ауылындағы колонияда жазасын өтеген. Аталған түрме аса қауіпті қылмыскерлер отыратын жер. Көпшілік "вор в законе" суицид жасауы мүмкін емес деген ойда болса, бірқатары оның өліміне "Дикий Арманның" есімі себеп болуы мүмкін деген пікірде.
Дегенмен қылмыс әлемінің беделдісі Леха Маймыш туралы жерлестері жағымды пікірлер жазған. Тіпті “Леха Семский” хакім Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударып, кітап қылып шығарған деген пікірлер де бар.