"Күн сайын өсіп, даму керек": Баян Алагөзова қыз-келіншектерге баланы тастап, ертерек жұмысқа шығуға кеңес берді

Ол әр ана күн сайын дамып отыруы керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында мәлімдеді.

"Мен қолы бос әйел болғым келмейді, менің балаларым мені күтсе екен деймін. Мен балаларымның маған таңырқай қарағанын қалаймын. Ал, олар менімен мақтану үшін, мен өзім күн сайын өсіп, дамып отыруым керек. Қазір мен бұл тәжірибені дұрыс деп отырған жоқпын. Ол тек мен үшін жақсы тәжірибе болуы мүмкін. Баланы тәрбиелеудің ең дұрыс жолы - өзің үлгі болу. Анасы жаман болса, баласы қайдан жақсы болсын? Бала анасы қатыгез болса, мейірімді болып өспейді. Егер анасы тәрбиесіз болса, оның баласы қайдан тәрбиелі болады? Оның барлығын бала күннен гупка сияқты сіңіріле береді", - деп ағынан жарылды продюсер.