Күнделікті оқуда студент қыздарға қажетті 5 бьюти-өнім

Студенттік өмірдіңқарбаласында толыққанды макияж жасауға және оны ұдайыжаңартып отыруға уақыт бола бермейді. «Золотое яблоко» сарапшылары әр студент қыздың сөмкесінде болуға тиіс, өзіңмен ала жүруге ыңғайлы ең қажетті 5 бьюти-құралдыатады.

1.​Ерін бальзамы: қорғаныс, ылғал және нәзік түс

Жабық дәрісханалардағы құрғақ ауа, жылыту маусымы жәнекүзгі суық жел ең бірінші нәзік ерін терісіне әсер етіп, оны тез құрғатып, жарып жібереді. Мұндай сәтте тым қою әрікүңгірт далаптар жарылған сызықтарды одан сайынайқындап, көзге ұрып тұрады. Сондықтан студент үшін еңұтымды шешім – әрі күтім беретін, әрі әдемі реңк беретінбальзамды дұрыс таңдау. 

Бұл ретте  HEMP CARE ерінге арналған бальзамы ерінгеқажетті нәр беріп қана қоймай, терінің жеке пигментінебейімделіп, ерекше нәзік реңк пен табиғи жылтырсыйлайды. Бальзамды үйден шығар алдында жағып алсаңыз, ол жақсы сіңіп, ерінді желден сақтап тұрады.

2.​Сергіткіш мист-спрей: шаршаған теріні ояту мен жедел ылғал

Жастық шақта студент қыздар жарқырап жүргісі келеді. Ал емтихандар мен сынақтар  алдындағы қарбаластардамакияж жасау, бет-әлпетіңді қалыыыпқа келтіру де артықуақыт алады. Көптеген қыздар бетіне күн ұзақ опа жағуменболады және қатты қателеседі. Себебі опаны беттітазартпастан үсті-үстіне жаға беру тері барьерін бұзады. 

Мұндайда бірер секунд уақыт алатын, шаршаңқы әрі солғынболып тұрған бет реңкіне бірден әр беретін өнім бар екенінұмытпаңыз. Бетіңіз үнемі балғын әрі үлбіреп, жарқыраптұруі үшін сөмкеде шағын мист болғаны абзал. Мәселен, Orjena ұсынған, 12 түрлі жидек пен жемістен алынған дәрумендер қосылған мист бет терісін лезде жұмсартып, оның жылтыр болып тұруына сеп болады. Құрамында спирті табиғи сергітетін құрал тері барьерін нығайтып, оныың ылған жоғалтпауына көмек болады. 

Ал терісі майлы немесе аралас қыздар сөмкесіне артық майды сіңіріп алатын майлықтарды салып жүргені абзал. RAD ұсынған арнайы жаққышы бар мұндай майлықтар өте ыңғайлы – бірден беттегі артық майды кетіріп, бетті тазартады. Бұл үшін бір майлық жеткілікті.

3. Мультистик: опа, далап және қабақ бояуы бір өнімде 

Аудиториядан шығып, тобыңызбен бірге қыдыруға баратын болсаңыз, сөмкеңізде макияжыңызды жаңартатын тағы бір маңызды бьюти-құрал жүргені абзал. Ол - беттің ұшын қызартып тұратын далап. Бетке лезде тыныққан, ұқыпты реңк сыйлайды және түнімен ұйықтамаған күндері шаршаңқы болып тұрғаныңызды білдірмейді. Үш өнім бір жерге біріктірілген болғандықтан, оны өзіңмен ала жүруге ыңғайлы. FOR ME мультистигінің барқыт секілді текстурасы бетіңізге нәзіктік сыйлайды. Стиктің артындағы қылқаламы бояуды тез және біркелкі етіп жағуға мүмкіндік береді. Бет ұшына қажетті көлемді жағып, макияжыңызбен әдемі үйлестіріңіз. Мұндай стиктер өңіңізге шырай береді, теріге оңай сіңіп, табиғи сұлулықты айшықтайды.

4.​Ықшам қол кремі: тұрақты жайлылық пен қамқорлық

Қол күтімі маңыздылығы жөнінен бет күтімінен кем түспейді. Күзгі салқында да, қыстың аязында да, көктемгі ызғарда қолыңызды ауа райы қолайсыздығынан, сыртқы факторлардың жағымсыз әсерінен қорғайтын қандай крем алу керек? Осы тұста Needly парфюмделген ықшам кремінназарға ұсынамыз. Бұл крем қол терісін жұмсартып қанақоймайды, жағымды иіс сыйлайды. Бірнеше секундтанкейін конспект жазуға немесе ноутбукпен жұмыс істеугекірісе беруге болады. Қол жуған сайын жағыып алсаңыз, күні бойы қол терісі жұмсақ болады.

5​Құрғақ сусабынның мини-нұсқасы: таза шаш пен жылдам көлем

Таңертең сабаққа кешіккенде немесе қыста бас киімніңастында шаш жатып қалып, өзіңізді ыңғайсыыз сезінсеңіз, сізге көмекке құрғақ сусабын қажет. Оны үйден не жатақханадан да сеуіп шығуға уақытыңыз болмаса, сөмкеңізде мини-нұсқасы тұрғаны жөн. Сөмкеде алыпжүруге арналған RAD спрейі күтпеген жағдайларда сенімсыйлайтын, шаштағы майды бірден жоқ қылатын еңоңтайлы құралы. 

Ол шаш түбіндегі артық май мен сыртқы ортаның иісінбірден өзіне сіңіріп, шашқа жаңа ғана фенмен кептіргендейреңк беріп, жеңіл көлем сыйлайды.

Күнделікті мінсіз көріну үшін сабаққа косметикаға толы сөмке сүйреп жүрудің мүлдем қажеті жоқ. Уақыттыүнемдейтін, өз қызметін мінсіз атқаратын және теріге шынмәнінде қамқор болатын осы 5 бьюти-құрал кез келгентосын жағдайда сұлулығыңызды айшықтап, көркіңіздіажарландыра түседі.