Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Нақтырақ айтсақ, Бішкекте еркін, әйелдер және грек-рим күресінен балуандар Париж Олимпиадасының жолдамаларын сарапқа салады.
19 сәуір
Еркін күрес: 57, 65, 74, 86, 97, 125 келі
09:30- күндізгі сессия
17:00 - финалдық кезең
20 сәуір
Әйелдер күресі: 50, 53, 57, 62, 68, 76 келі
09:30- күндізгі сессия
17:00 - финалдық кезең
21 сәуір
Грек-рим күресі: 60, 67, 77, 87, 97, 130 келі
09:30- күндізгі сессия
17:00 - финалдық кезең
Айта кетейік, күрестің үш түрінен 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия сарапқа салынады. Яғни Олимпиада жолдамасына ие болу үшін балуан турнирдің финалына шығуы тиіс.