”Күреске серпін береді”: Жайдарманшының басшылық қызметке тағайындалуына қатысты түсініктеме берілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

”Медиа сала бойынша Мансұр Орынханды тағайындадық. Қазір көп адамдар талқылап жатыр. Өздеріңіз білесіздер, облысымызда 2 миллиондай тұрғын болса, Мансұр бауырымыздың 850 мың оқырманы бар. Кез келген турниріміздің бәрін, палуандарымыздың белдесуін түсіріп, соның бәрін елге жеткізетін осы бауырымыз. Залда әрі кетсе 5-10 мың адам жиналар, мында 850 мың қаралым болып, медиа саласына жақсы үлесін қосады. Жалпы біздің күреске серпін береді деген ойдамын”, - деді Нұрбол Еребаев.

Естеріңізге сала кетейік, танымал жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалған еді.