Азия чемпионатында екі қазақ балуаны жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
70 келідегі Мейіржан Әшіров түркменстандық Перман Хоммадовты жеңсе, 97 келідегі Ризабек Айтмұхан қырғызстандық Андрей Ароновтан 6:0 есебімен жеңіске жетті.
65 келідегі Мұхтар Санжар палестиналық балуанды мерзімінен бұрын жеңді.
Келесі кезеңде Әшіров Тәжікстан балуанымен, Айтмұхан Өзбекстан өкілімен белдеседі.