Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі kaktus.media YouTube каналына сілтеме жасап хабарлайды.
24 тамыз күні түстен кейін «Ак-Тилек – Автодорожный» және «Кен-Булун – Автодорожный» бақылау-өткізу пунктерінің алдында жүк көліктері кептеліп қалды.
Куәгерлер жүк көліктерінің кептелісін видеоға түсіріп алды.
Жүргізушілердің ақпараты бойынша, Бішкек-Токмок тас жолында 200-ден астам автокөлік жиналып қалды.
Жүргізушілер бірнеше сағат бойы тұр.