Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  24.kg-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлауынша, Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары 18-19 сәуірге жоспарланған.

Бұл ретте Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Дастан Дюшекеев журналистерге сапар аясында екі ел басшылары Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізетінін айтты. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, Жапаров Қазақстандағы Қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да бірқатар шараларға қатысады.