Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пунктінің атауы өзгертіледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба Қазақстан Республикасы тарапынан "Камышановка" өткізу пунктінің атауын "Ақсу" деп ауыстыруды көздейді.

Бұдан бөлек, "Камышановка" өткізу пунктінің жұмыс тәртібін "тәуліктің жарық уақытынан" "тәулік бойына" ауыстырылады.

Сондай-ақ, "Камышановка" және "Бесағаш" өткізу пункттерінің мәртебесін "екіжақтыдан" "көпжақты халықаралық" ретінде өзгертіледі.

"Жоба Қазақстан-Қырғызстан шекара маңы ынтымақтастығын, сондай-ақ тауар айналымыг ұлғайту және Орталыз Азия аймағы мемлекеттерінің туристік саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытталған",- делінген түсіндірмеде.

Хаттама жобасын қабылдаудан алынған нәтижелер халықаралық шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде күтіледі.