Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік деректер басқармасы жариялаған деректер инфрақұрылымын құру жөніндегі директиваның жобасы ҚХР 5G желісін 5G-A стандартына дейін жаңартуды және 6G-ге қатысты зерттеулерді, әзірлемелер мен инновацияларды жан-жақты ынталандыруды көздеп отыр.
5G-A желісі жылдамдығы, кідірісі, қосылым ауқымы және қуат тұтынуы жағынан қазіргі 5G желісінен асып түседі, оның деректерді берудің максималды жылдамдығы жүктеу үшін 10 Гбит/с, жүктеп салу үшін 1 Гбит/с жетеді, уақыт кідірісі миллисекундтарды құрайды, ал интернетке қосылуы ең аз шығынмен орындалады.
Сонымен қатар, Қытай халықаралық су асты және жерүсті кабельдік ақпарат арналарын кеңейтуді, сондай-ақ ғарыштық және жерүсті байланыс құралдарын біріктіретін спутниктік интернет құруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Қытайдың Нанкин, Ухань, Циндао, Шэньчжэнь, Сучжоу, Шанхай, Нинбо, Гуанчжоу, Шэньян және Чэнду қалаларында «5G+ өндірістік интернет» технологияларын енгізу бойынша пилоттық бағдарламаны іске қосқаны белгілі болды. Бұл қалалар 5G негізінде өнеркәсіптік кластерлер мен инновациялық экожүйелерді дамытуға назар аударады.