Қытай ЖИ көмегімен жасалған алғашқы дәріні мақұлдады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Препаратты жасап шығаруға небәрі 3,5 жыл кеткен. Бұл уақытта ғалымдар перспективалы молекуланы іздеуден бастап, клиникалық сынақтарды сәтті аяқтауға дейінгі барлық кезеңнен өткен. Ал мұндай деңгейдегі дәріні дәстүрлі тәсілмен жасау әдетте 10–15 жылға созылады.