Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс берілген. Алғашқы пойыздар қыркүйекте Астанаға әкелінеді деп жоспарланып отыр, содан кейін оларды тестілеу басталады.
Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады, ол мынадай функцияларды қамтамасыз етеді:
Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден аса жолаушыны сыйғыза алады.
Салондарда беріктігі жоғары материалдар, соның ішінде органосиликатты былғары және шыны талшықты композит қолданылады, бұл жолаушыларға жайлылықты арттырады.
Шуды азайту үшін келесі технологиялар қолданылады:
Құрамдар заманауи ақпараттандыру жүйелермен жабдықталады:
Астана климатының ерекшелігін ескере келе, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнектің булануының алдын алады.
Әкімдік мәліметінше, қазір алюминий қорытпасынан жасалған корпус элементтерін дайындау және дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы жылжымалы құрамдар мамырдың соңына дейін дайын болады. Ал қыркүйекте алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін тестілік сынақтар басталады.
"Тест режимінде іске қосу - пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл кезеңде барлық инфрақұрылым элементі, жылжымалы құрам және барлық жабдық тексеріледі, соның ішінде рельстердің бүтіндігі, электрмен жабдықтау жүйесі, телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақ барысында үлкен көлемде дерек жиналып, талданады, соның нәтижесі бойынша LRT жүйесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданады. Алғашқы тестілік іске қосу биыл қыркүйекке жоспарланған, бұл сынақтар бірнеше айға созылады", – деп түсіндірді "City Transportation Systems" ЖШС басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев.