Қызылорда облысында жасөспірімнің өлімі дерегі тергеліп жатыр

Қызылорда облысында жасөспірімді өлтіру дерегі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады. Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылдың 22 маусымында Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық істі тіркеп, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес қылмыстық іс жүргізу барысы жария етілмейтінін хабарлаймыз", - деп толықтырды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.