Қызылордада оқушыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Kazinform.kz жазуынша, мұны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

"Сондай-ақ аталған қылмысқа қатысы бар тағы екі адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.