Қызылордалық өзінің 21 жастағы әйелін ұрып өлтіріп қашып кеткен

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде 26 жастағы жергілікті тұрғын жас әйелін аяусыз ұрып өлтірген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

21 шілде күні таңертең зорлық-зомбылық белгілері бар қыздың денесі өз үйінен табылды.

26 жастағы Біржан Жаңабай әйелін ұрып өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен.

Полиция күдікті қазір ұсталғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда», - деп жауап берді Қызылорда облысының ІІД.

Тергеу мүддесі мақсатында қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылмайды.