Қызын 25 мың долларға сатпақ болған әйел сотталды

Өзбекстанда 41 жастағы әйел жасөспірім қызын сатпақ болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Qalampir басылымы жазғандай, келісім жасау үшін әйел Қашқадариядан келген. Ол 13 жасар қызын 25 мың долларға бағалап, қаражатты алғаннан кейін мейрамханада тұтқындалды. Әйел өзінің үйі жоқ екенін алға тартып, бұл қадамға дәл осы себептен барғанын айтты. Сондай-ақ, жасаған ісіне өкінетінін де жасырмады.

Сот оны кінәлі деп тауып, бес жылға соттады. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Ал, балалары мемлекеттік қорғауға берілді.

Бұған дейін Ақтөбе облысында Өзбекстаннан әкелінген 2,5 тонна шығыс жеміс жемірімен зақымдалған шабдалы партиясының көзі жойылғаны белгілі болды.

Автор: Caravan.kz