”Қызыңа үй алып беру - өзіңе күшік күйеу бала тауып бердің деген сөз” - Бақыт Тұрман

Бұл туралы ол “НТК” арнасының “Не дейді”бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Соңғы оқиғалардан кейін қыздардың мәртебиесін жоғарылату мақсатында көп ата-аналар “қызыма үй алып беріп, жағдайын жасап қою керек” деп жатады. Мен мысалы келіспеймін. Үй ол қызға не үшін керек? Болашақта жалғыз қалуы үшін бе? “Бірдеңе болып қалса сол үйіне кіре қалу үшін” дейді. Сонда ата-ананың ниеті сондай болып тұр. “Күйеуге шығады, ажырасады да сол үйге барып тұрады” деген сияқты. Мен Қайратқа “ешқандай қызыма үй алып бермеймін” деймін. Ұлыма да үй алып бермеймін. Ұлыма барлық жағдайды жасап беретін болсам, сонда оның қандай арманы, мақсаты болады? Қызыңа үй алып беру деген сөз өзіңе күшік күйеу тауып беру деген сөз”, - деді әнші.

Қайрат Әділгерейдің пікірімен келіскен де, келіспегендер де оқырмандар болды.