"Қызыңның тойын ұйымдастырған еңбегіміз үшін ақша төле": Дана Орманбаева Мұхтар Жәкішовке ескерту жасады

Бұл туралы ол Telegram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"2015 жыл, жаз мезгілі. 20 адамнан тұратын команда еңбек етті. Тек гүл мен тікелей шығындар ғана төленді. Адамдардың еңбектері ол: техника, фильм, креатив. Бұған ақша төленбейді. Сен маған сәлем жолдап, респект депсің. Бірақ, "рақмет" айтпадың.

Ақшаны үстелге қой. Pls.

Қайтармағанша немесе "президент" болғаныңша айта беремін", - деді блогер.