Баспасөз мәслихаты барысында театр басшылары алдағы жұмыс жайын талқылады. Осылайша La Scala мен «Астана Опера» бірігіп ағымдағы жылдың күзінде Дж. Вердидің «Аида» (қоюшы режиссері - Франко Дзеффирелли, Италия) операсының тұсауын кеседі.
Ежелгі San Carlo опера театрының директоры Розанна Пуркиа екі жақтың гастрольмен алмасатаны жайлы айтып берді, нәтижесінде неаполитандық труппа алдағы жылы Б. Эйфманның қойылымындағы В. Моцарттың «Реквием» балетінің тұсауын кесуді жоспарлап отыр, ал «Астана Опера» театрының труппасы жауап ретінде Teatro di San Carlo-да «Күзгі Билер 2015» фестиваліне қатысады. Қос театрдың жоспарында Г. Доницеттидің «Lucia di Lammermoor» қойылымын бірігіп қою да бар. Аталған қойылым ерекше жарқын болады деп күтілуде, онда халықаралық деңгейдегі каст өнер көрсетпекші, қоюшы режиссері - көптеген кинематографиялық марапаттар иегері, «Оскар» сыйлығының үздік шетелдік фильмі бойынша номинанты Gianni Amelio, сценографы - Nicola Rubertelli.
Алғашқы театрлық маусымы барысында «Астана Опера» әлемнің 13 жетекші театрымен әріптестік жөнінде меморандумға қол қойғанын естеріңізге сала кетейік.