Ләйлә Сұлтанқызы сияқты тоқал болғым келеді - қазақ әйелі

Танымал Instagram парақшасында жарияланған видеотүсірілімде қазақ әйелі полиция бөлімшесінде отырып, тоқал болғысы келетінін айтып, шу шығарады, - деп хабарлайды Caravan.kz

 - Мақпал Исабекова, Ләйлә Сұлтанқызы сияқты тоқал болғым келеді. Әкімнің тоқалы болғым келеді. Менің олардан қай жерім кем? Жай әнші жігіттер маған керек емес, әкім керек маған. Соның әйелі болғым келеді, - деп жылаған әйел бір кезде камераға өзінің жолдауын жіберді.

- Маған күйеу боламын деген ана мықты жігіт, қайдасың сен? Тастап кеттің ғой мені. Менің қай жерім кем? Түр десең түрім бар, қас десең қасым бар. Оңбаған екенсің, - дейді.

Бұны жүз рет естігенше, бір рет көрген артық: