Бұл туралы журналист Бибігүл Дәулетбекқызының қорғаушысы Айман Омарова Facebook парақшасында жазды.
"Бүгін менің клиентім журналист Бибігүл Дәулетбекқызына және әзілкеш Нұрболхан Шараповтың үстінен Ләйлә Сұлтанқызы айып тағып, сол істің бүгін сот отырысы өтті.
Айыптың мәні: Ләйлә Сұлтанқызы өзіне жала жапты деп есептейді.
Ал біз жала жабылды дегенмен келісе алмаймыз. Өйткені, олар ақша үшін арын таптады, ал Бибігүл мен Нұрболхан өздерінің қарсылықтарын білдірді. Бағдарлама қазақ қызының ақша үшін қыздығын ақша сатуға дайын секілді қылып көрсетті. Бұл жайлы көптеген шетелдік БАҚ оның үстіне қытайлық басылымдары да көрсетті", - деп жазды адвокат Айман Омарова.