Л.Ахмедьяровтың өміріне қастандық ұйымдастыру фактісі бойынша Н.Тахамбетовтің ісі сотқа берілді


Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Н.Тахамбетовке ҚР ҚК 257-бабы 2-бөлімі, 257-бабы 3-бөлімі бойынша Аманжоловқа қатысты бұзақылық әрекеттерге барған және ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлімі, 24-бабы 3-бөлімі, 96-бабы 2-бөлімі бойынша «Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровтың өміріне қастандық жасауды ұйымдастырған деген айып тағылып отыр.
Н.Тахамбетов ұсталғанға дейін ат спорты түрлері балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып жұмыс жасаған.
Бұған дейін Л.Ахмедьяровтың өміріне өлтіру мақсатында қастандық жасаған Н.Тахамбетовтің інісі, 31 жасар Асхат Тахамбетов, 34 жасар Мүрсәлім Сұлтангереев, 24 жасар Манарбек Ақболатов, 23 жасар Алмаз Батырхайыров сәйкесінше 15, 12 және 11 жылға (қатаң режим) сотталған болатын.