Лаңкестер тобы Пәкістандағы университетті басып алды

Бача Хан университетіне 3-8 содыр шабуыл жасаған, деп хабарлады пәкістандық Dawn басылымы. Қарулы топ университеттің кіре берісінде күзетшілерді жаралап, ғимаратты басып алған. Онда 600-ден астам адам болуы мүмкін, деп жазады Geo Urdu басылымы.

Университеттен қашқан студент лаңкестер оның көзінше 60 адамды басынан атып өлтіргенін хабарлады. 

Оқиға орнына жедел жәрдем мен арнайы қызмет жасағы келді. Олар студенттерді қауіпсіз жерге шығаруға әрекеттеніп жатыр. Лаңкестерді қарусыздандыру үшін әскерилер де оқиға орнына тартылды. Бір сағаттан кейін олар шабуыл жасаған екі лаңкестің көзін жойды.