Эйфель мұнарасын бірнеше сағат бойы жабуға тура келді.
Дабыл жексенбі күні таңертеңгілік болған, деп хабарлайды Би-би-си. Мұнараға жақын жердегі барлық адам эвакуацияланды, ал терроризмге қарсы күрес жөніндегі арнайы жасақ полицейлері әлгі рюкзак арқалаған жанды шұғыл іздестірді.
Полицияның сөзіне қарағанда, ешкім табылмаған.
Эйфель мұнарасы жергілікті уақытпен 14:45-те қайта ашылды.
Еске сала кетсек, Париждің ең танымал сәулеттік туындысын тамашалауға күн сайын 30 мыңға жуық турист келеді.