Сонымен бірге В.Третьяков "қандай да бір лаңкестен сұхбат алуға мүлдем қарсы".
"Лаңкестік әрекеттер кезінде ең бастысы - кепілдіктегі адамдарды босату болмақ",- деді ол. "Ондай сәтте баршасы да амбицияны ұмытып, қамаудағыларды босату үшін тізе қосып қимылдауы қажет",- деді ол.
Соңғы кезде Ресейде болған лаңкестік әрекеттер кезінде "Ресейлік биліктегілер ойдағыдай әрекет етпегені баршаға аян",- деді ол. Дегенмен, "көп адамдар кепілдікке алынып, ұзаққа созылған лаңкестік әрекет кезінде арнаулы қызметтер де, үкімет те ахуалды уысында ұстап отыра алмайды" дегенді ол мойындады. "Олар тек бәрі бақылауда дегенді алға арта алады",- деді ол.